«Нұр Отан» партиясы БҚО филиалында төраға орынбасары өзгерді

Гүлназ Құлжанова «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бүгін төрағаның бірінші орынбасары Серік Сүлеймен жаңа басшыны филиал ұжымына таныстырды.

Гүлназ Мағжанқызы - Тасқала ауданының тумасы. Осы ауданда аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі инспекторы, Камен орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, Тасқала ауданы әкімінің орынбасары болды. Содан кейін БҚО әкімі аппаратының бас маманы, БҚО ішкі саясат департаменті ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бастығы және 2007 жылдан бастап Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Осы кезге дейін филиал төрағасының орынбасары міндетін атқарған Аққали Әубекеров жуырда Орал қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланған еді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз