Нұртас Адамбаев толықметражды фильм түсірді

Қазақстандық актер әрі шоумен Нұртас Адамбаев толықметражды фильм түсірді. Комедия жанрында түсірілген картина «Сабина келіннің шынайы оқиғасы» («Правдивая история келинки Сабины») деп аталады. Бұл туралы актер Instagram-дағы жеке парақшасына жазды. 

 Жаңа жоба ауылға келін боп түскен «KZландия» телевизиялық шоу-бағдарламасының кейіпкері Сабина Қарсыбаеваның өмірін баяндайды. Фильмнің режиссері әрі продюсері - Нұртас Адамбаев.  

Айта кетейік, Сабина келіннің рөлін актердің өзі сомдайды. Тележоба биылғы жылдың күзінде шығады деп жоспарланып отыр.

Lite.BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз