Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев халық алдындағы есепті кездесуін өткізуде

Елбасының Жарлығына сәйкес, биліктің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2005 жылдан бері есепті кездесулер ұйымдастырылып келеді және бұл үрдіс жарасымды жалғасын табуда.

Қазір «Нұр Отан» партиясы БҚОФ үлкен залында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев халық алдындағы есепті кездесуі өтуде. Шара басы өткен жылы атқарылған игі істерге арналған бейне фильмді тамашалаумен бастау алды. Өңір басшысы алдымен елімізде өткен 2014 жыл несімен ерекшеленгеніне қысқаша тоқтала өтіп, облысымыздағы атқарылған істерді баяндауда. 

Өңірімізде атқарылып жатырған игі істердің (Газ, ауыз су құбырларын тарту, жол жөндеу т.б.) барлығы бюджетке түскен салықтардың негізінде жасалынуда. Өткен жылы салықтық және басқа да міндетті төлемдерден мемлекет қазынасына 312,6 млрд. теңге жиналды. Республика бюджетіне 250,8 млрд. теңге құйылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға көп. Ал, жергілікті бюджетке 61,8 млрд. теңге түсті. Сәйкесінше ол 16,6 пайызға көбейген.

http://zhaikpress.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз