«Оқырман отбасы - 2014» байқауы оздырылды

Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Оқырман отбасы-2014» байқауы оздырылды. Отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу, ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізу, олардың ақпараттық қызығушылығын ұйымдастыру мақсатын ұстанған шара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Б.Б. Шарафетдиновтің құттықтау сөзімен ашылды.  

Жыл сайын «Отан отбасынан басталады» ұранымен өткізіліп келе жатқан «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы» байқауына Балтамұратовтар (Қамысты), Қисметовтер (аудандық балалар кітапханасы), Қойшиндер (Ақоба), Нұрмұхановтар (Борсы), Амангелдиевтер (Тау), Забихуллиндер (Күйгенкөл) отбасылары қатысты.

Үш бөлімнен тұрған сайыстың «Таныстыру» бөлімі бойынша  әр отбасы өзінің анықтама карточкасы мен отбасының эмблемасын электронды түрде таныстырды. «Ертегілер сыр шертеді» бөлімінде отбасылар өздерінің сүйіп оқитын шығарма желісінен үзінді немесе өздері ойдан құрастырған ертегіден көрініс көрсетті. Сондай-ақ қолөнер байқауынан өз шеберліктерін сынға салды.

Сайыс қорытындысында Нұрмұхановтар отбасы «Сегіз қырлы, бір сырлы», Қойшиндер отбасы «Кітапқұмар отбасы» аталымына, Балтамұратовтар жүлделі бірінші, Амангелдиевтер екінші, Забихуллиндер отбасы үшінші орынға ие болды.

Ал байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған Қисметовтер отбасы «Оқырман отбасы - 2014» байқауының облыстық кезеңіне жолдаманы ұтып алды. 

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз