Өлеңтіде су мол

Өткен жылдармен салыстырғанда Ақжайық ауданы аумағындағы Өлеңті өзенінде биыл су жылдағысынан мол болды.

Яғни, ауданның күнгейіндегі Құрайлысай ауылдық округінің Сайқұдық бөлімшесі төңірегі мен Едіге, Бүкірбала көлдіктері, Қарауылтөбе ауылдық округінің Жыланды, Аяқ, Қарасай, Кеней, Байқасқа, Шүтік, Тайпақ көбіктері мен көлдіктері суға кенелді. Мұның өзі мал қоңдылығын еселеп арттыратын көкқұрақтың мол боларын сездіреді. Сондай-ақ, Базартөбе, Базаршолан ауылдық округтерінде алыс қырдағы көбіктерге қар суы мол құйылған. Демек, бойдақ малды ауыл төңірегінен алыс жайлауларға бағуға зор мүмкіндік туып отыр. Қазір жемшөптің берік қорын қамдап алу үшін де биылғы қолайлылықты толық пайдалану жайында аталған ауылдарда еңбеккерлермен, тұрғындармен әңгімелер өткізілуде.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз

Похожие новости