ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР САЙЫСЫ

Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылында мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, талантты балаларды анықтау мақсатында «Жұлдызай» аймақтық фестивалі өтті.

Оған Жәнібек, Қазталовка, Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарының даму мүмкіндіктері шектелгенмен, өнерге деген ынталары зор, ән мен биді және күйді жандарына медеу тұтқан балғындар қатысты.

Бөкей ордасы ауданынан 6 өнерпаз үш номинация бойынша өнер көрсетті. Ш.Жексенбаев атындағы орта мектептің оқушысы Айнагүл Өтепбергенова мен М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің оқушысы Айнұр Өтегенова 10-14 жас, Қ.Сағырбаев атындағы орта мектеп оқушысы Айберген Өтепберген, М.Бегалиева атындағы орта мектептің оқушысы 15-18 жас аралығындағылардың ән байқауына, хореография номинациясы бойынша А.Құсайынов атындағы орта мектеп оқушысы Перизат Темірғалиева «Кукла Барби» биімен 10-14 жас аралығындағы өрендердің би байқауына шықты. 10-14 жастағы ұлттық аспапта ойнаушылар арасындағы сында Жәңгірхан атындағы орта мектеп оқушысы Фархат Абдолов «Айттым, сәлем, Қаламқас» әнін қобызбен сызылтты.

zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз