Орал-Атырау жолында жүк көліктері соқтығысып, жүргізушілердің екеуі де қаза тапты

Орал-Атырау жолында қос жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілердің екеуі де қаза тапты. 

Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің аға мемлекеттік автоинспекторы Сәкен Қозжановтың сөзіне қарағанда, оқиға 13 қыркүйекке қараған түні Ақжайық ауданы аумағында орын алып, «Мерседес Бенц» пен «КамАЗ» көліктері түйіскен.

Алдын ала мәліметке қарағанда, Орал қаласынан келе жатқан «Мерседес Бенц» жүк көлігі қарсы бетке шығып кеткен. Оның жүргізушісі Түркия азаматы рульде қалғып кеткен сыңайлы. Оралдық «Квант» ЖШС компаниясына тиесілі «КамАЗ» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Екінші жүргізуші аудандық ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болған. 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз