Орал гуманитарлық колледжі

Основная информация
Мекенжайы: 
Орал қ., Ғ. Қараш к., 12
Телефон: 
8 (7112) 51-46-47, 50-02-84
Орал гуманитарлық колледжі 1999 жылы құрылған жас,
болашағы зор, даму үстіндегі оқу орны.
Колледж түлектері қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие.

 

  Колледж заман талабына сай жабдықталған жаңа үлгідегі ғимаратта орналасқан. Әр мамандыққа сәйкес, жалпы білім беретін және жалпы кәсіптік, арнайы пәндер үшін оқу аудиториялары- зертханалармен, лингафон кабинеттерімен, интерактивті тақтамен толықтай жабдықталған.
Ғаламтор желісіне қосылған компьютерлік, мультимедиялық
аудиториялар сапалы да терең білім алуға мүмкіндік береді.

  Оқу орнында мәжіліс зал, акт залы, электронды оқу залымен жабдықталған кітапхана, 40 орындық студенттік асхана, кафе, дәрігерлік көмек көрсету кабинеті, спорт зал бар.

     Білім алушылардың сабақтан тыс уақыттары жан-жақты ұйымдастырылған. «Жас толқын» өзін-өзі басқару тобы, «Олимп» пікір сайыс, көңілді тапқыштар клубы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын фольклорлық, хореографиялық және  волейбол, баскетбол, үстел теннисі үйірмелері жұмыс жасайды. Жоғары, І санатты, магистр, магистрант оқытушылар білім беруде оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін пайдаланып, білім алушылардың сапалы, білімді де білікті маман болуына негіз болады.

 

Орал гуманитарлық колледжі негізгі және орта мектеп базасында
келесі мамандықтар бойынша
күндізгі және сырттай оқу түрлеріне талапкерлер қабылдайды:

0105000  «Бастауыш білім беру» 
0105013 «Бастауыш білім берудің мұғалімі»
0105023 «Бастауыш білім берудің информатика мұғалімі»
0105033 «Бастауыш білім берудің шетел тілі мұғалімі»
0111013 «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі»
0103000 «Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі»
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Аталған мамандықтарға оқу мерзімі:

9 сынып негізінде - 3 жыл 10 ай;

11 сынып негізінде - 2 жыл 10 ай.

0401000  «Кітапхана ісі»
0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»
0516000  «
Қаржы»     

0201000 «Құқықтану»

Аталған мамандықтарға оқу мерзімі:
9 сынып негізінде-2 жыл 10 ай;
11 сынып негізінде-1 жыл 10 ай.

          Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

          Қабылдау емтихандары кешенді тестілеу түрінде өткізіледі
          және «Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі» мамандығын таңдаушы    талапкерлер қосымша шығармашылық емтихан тапсырады;

9 сынып негізінде тестілеу 2 пәннен оздырылады:
қазақ немесе орыс тілі және таңдау пәні бойынша;

11 сынып негізінде 3 пәннен:
қазақ немесе орыс тілі,
Қазақстан тарихы және таңдау пәні бойынша кешенді тест тапсырылады.

Жетім балаларға, мүгедектерге әлеуметтік оқу гранттары және білім гранттары колледж бюджетінен қарастырылған.

 

Жаңа пікірді жазу

Filtered HTML

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз