Орал қаласы әкімінің орынбасары ауысты

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен Марс Қадырғалиұлы Сатыбалдиев қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Бүгін шаһар басшысы қала активі мен әкімдік аппаратына әлеуметтік сала, білім, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысатын жаңа орынбасарды таныстырды.

Осыған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Қуаныш Елубаев қала әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қала әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қала құрылысы, тағы бір орынбасар Қайсар Маңқараев қаржы-экономика және кәсіпкерлік саласына жетекшілік етеді.

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, М.Сатыбалдиев 33 жаста, қос бірдей жоғары білімі бар, тарих және география пәнінің мұғалімі, қаржыгер. Негізінен жастар саясаты мәселелерімен айналысқан ол 2013 жылдан бері Орал қалалық мәслихатының хатшысы болды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз