Орал қаласы полиция қызметінің басшысы тағайындалды

Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшылығына осы кезге дейін БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы қызметін атқарған Мүсілім Жәрдемовтің кандидатурасы ұсынылып, ол депутаттар тарапынан толық қолдау тапты.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полиция подполковнигі Мүсілім Ғилманұлы 1974 жылы көршілес Саратов облысы Озинки ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1996 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан ол учаскелік инспектордан бастап қызмет баспалдағымен өрлей отырып, 2013 жылғы мамырда БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары, 2014 жылдың шілдесінен басқарма бастығы болып тағайындалған.  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универститетін 2008 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Сол секілді осыған дейін Орал қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полициясы бөлімшесі қоғамдық тәртіпті күзету және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы қызметін атқарған полиция аға лейтенанты Берік Тілеулиев қалаға қарасты Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Айта кетейік, облыс аудандарында да осындай өзгерістер болуда.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз