Орал қаласындағы өрт кезінде 6 адам шығарылып, екі бала ауруханаға жатқызылды

6 маусым күні Құрманғазы көшесі 163-үйдің 119-пәтерінің балконы жанды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, күндіз 13.52-де басталған өрт көп ұзамай сөндірілді. Оған өрт сөндіру қызметінен 13 адам, 2 техника қатыстырылды. 10 шаршы метр аумақты қамтыған өрт кезінде газдан уланған 2009 жылғы А.Бекбергенов пен 2011 жылғы Е.Миржанұлы ауруханаға жатқызылды. 6 адам тысқа шығарылды.

Батыс Қазақстан облысында күн ыстық болғандықтан, өрт қаупі аса күшейіп тұр. Бүгін Орал қаласы төңірегіндегі құрғақ шөп жанып, түтін бұлты алыстан-ақ көрініп тұр. Бұл «тілсіз жауды» ауыздықтауға да өрт сөндірушілер қатысуда.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз