Орал қаласындағы саяжайдан артиллериялық снаряд табылды

Орал қаласы іргесіндегі «Факел» саяжай қоғамындағы саяжайдың бірінен артиллериялық снарядқа ұқсас зат табылды.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қаладан бес шақырым қашықтықтағы саяжай Зеленов ауданына қарайды. Саяжай иесі өз жерін реттеу кезінде тапқан снарядтың ұзындығы - 76 сантиметр. Оқиға орнына тиісті қызметтер өкілдері жетіп, қауіпсіздік шараларын алды.

 

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз