Орал тұрғыны БЖК-2020 бағдарламасының көмегімен ателье ашты

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында берліген несиенің көмегімен Орал қаласының Зачаганск ауылында жаңа ателье пайда болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Зухра Құрбанбаева – оралман. Ол өзінің тарихи Отанына 2010 жылы Өзбекстаннан келген. Елді мекендердегі кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау көрсетіліп жатқанын ести сала, несие алуға бел буады.

«3 млн теңгеге 5 тігін машинасы мен мата сатып алдық. Біз спорттық және мектеп формасын, ұлттық киімдер тігеміз. Сонымен қатар, кәдесыйлар дайындаймыз. Ательеде 3 адам жұмыс істейді. Клиенттеріміз киім алатын болса, қалаға бармай бізге келеді», - дейді кәсіпкер.

Зухра Құрбанбаева өз кәсібін кеңейтіп, киім пішу және тігіншілік курсын ашуды жоспарлап отыр. Алайда, қазір ателье шағын бөлмеде жұмыс істейтіндіктен курс өткізуге толық жағдай жасалмаған.

«Микронесие алудың шарты бойынша, алғашқы 18 айда кәсіпкерлер мемлекетке ештеңе төлемейді. Бұл уақыт оларға жұмысын жолға қойып алу үшін беріледі. 2013 жылы бағдарлама аясында несие алған 27 адамның 15-інің жұмысы жүрмей, бос отырды», - дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ринат Шәуенов.

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз