Орал тұрғыны соғыста қаза болған әкесінің бейітін 60 жыл өткен соң тапты

Орал қаласы тұрғындарының бірі Ұлы Отан соғысында қаза болған әкесінің бейітін Украинадан іздеп тапты.

Сәлима Жүндібаева жақында әкесі жерленген Киев түбіндегі бауырластар зиратына барып, құран бағыштап, бейіт басына туған елдің топырағын салып қайтты. Оралдық Сәлима Жүндібаева 1941 жылы дүниеге келген. Әкесі Мұхаметжан Қалмұқанов соғысқа дейін теміржол бойында еңбек етіп, 1942 жылы соғысқа аттанады. Содан із-түссіз кеткен. Кішкентай Сәлима ес біліп, етек-жеңін жинай бастаған соң туған әкесін іздей бастайды. 60 жыл бойы іздеді. Осы уақыт ішінде табанынан таусылып, талай табалдырықты тоздырды.

Сәлима Жүндібаева, ардагердің қызы:

-Ленинградқа да жаздық, Москваға да жаздық, әлгі «Жди меняға» да жаздым мынандай қағаздарды жіберіп. Жауап болған жоқ. Істеген ісінен еш нәтиже шықпай, талай жерде тауы шағылса да Сәлима үмітін үзген емес. Әкемді қалайда іздеп табамын деп өмір сүрді. Бұл ойын осыдан 5-6 жыл бұрын күйеу баласы Әлібек Нұрғалиевке «Мен мына компьютердің тілін түсінбеймін, ендігі жерде аталарыңды интернет арқылы сен іздестіріп көрші»,-деп қолқа салады.

Әлібек Нұрғалиев, қала тұрғыны:

-Із-түссіз кеткендерді іздеумен айналысатын 22 ұйымға хат жолдадым. Соның үшеуімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істедік. Өткен айда «Закончим войну» деп аталатын жалпыукраиналық ұйымның басшысы Борис Дученко деген азаматтан хат келді. Олар атамыздың Киев түбіндегі бауырластар зиратына жерленгенін анықтапты. Көп кешікпей шешейді ертіп жолға шықтым. Аталған жалпыукраиналық ұйым басшысы Борис Дученко бастаған топ Оралдан барған екеуін жақсылап тұрып күтіп алды. Пойыздан түсе салысымен қонақ үйге орналастырып, ертеңінде бауырластар зиратына алып барды. Сәлима апай 60 жыл бойы іздеген әкесінің басына барып, құран оқытып, бейітіне туған елдің топырағын салып қайтты.

Сәлима Жүндібаева, ардагердің қызы:

- Әйтеуір арманыма жеттім. Армандап жүр едім, ең болмаса әкемнің мәйітін табайын деп. Кәдімгі тастар тұр, сол тасқа қанша кісілер бар екенін бәрін жазып қойған. Соның арасында менің әкем бар. Мұхаметжан Қалмұқанов 1944 жылы Киев түбінде қатты жараланып, госпитальда көз жұмыпты. Әкесінің қайда жерленгенін анықтап, зиратын тауып беріп, қонақжайлылық көрсеткен украиналықтарға деген Сәлима апайдың алғысы шексіз. Ол алдағы уақытта туған-туыстары мен әкесінің артында қалған ұрпақтарын Киев түбіндегі бауырластар зиратына апарып қайтпақшы.

http://24.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз