Орал «Wi-Fi Bus» республикалық жобасына қосылды

Орал қаласының автобустары кешеден бастап ғаламторға қосылды.

Ғаламтор әзірге №5 бағытпен жүретін сегіз автобуста орнатылған. Олардың қатары алдағы уақытта көбейе түспек. Сөйтіп Орал қаласы кең көлемді «Wi-Fi Bus» республикалық жобасына қосылды. Республиканың сегіз қаласында жүзден астам автобус сымсыз ғаламтормен қамтылған.

«Beeline Қазақстан» компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Алексей Бендзьдің сөзіне қарағанда, «Wi-Fi Bus» әлеуметтік жобасының ерекшелігі, оның қызметін тұрғындар қандай байланыс операторына қосылғанына қарамастан, тегін пайдаланады. Көлік ішінде ғаламторға қосылу үшін жолаушының қолында смартфон, планшет немесе ноутбук болса жеткілікті. Болашақта жұртшылық көп жиналатын халыққа қызмет көрсету орталығы, вокзал, банктерде де осындай роутерлер орнатылмақшы.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз