Оралда 1 тонна таңқурай тосабын тасымалдаған жолсерік ұсталды

Оралда Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 960 келі таңқурай тосабын пойызбен тасымалдаған жолсерікті қолға түсірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жүк иесінің айтуынша, ол тосапты ағайын-туыстарына тарату үшін Шымкенттен алып келе жатқан. Темір жол ережесі бойынша 1 билетпен 36 келіге дейін жүк тасуға рұқсат етіледі.

«Бұл ісі үшін тосап иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс», - дейді ЖІІБ басшысы Ғалымжан Қуашбаев.

Тексеру кезінде белгілі болғанындай, ол таңқурай тосабын 5 литрлік пластикалық бөтелкелерге құйған.

«Мен бұл тосаптың барлығын өзім дайындадым, жейтін де өзім», - дейді Нұрлан.

Қазір жүк тиелген вагонның жолсерігі қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол өз кінәсін мойындады, ал тосап өз иесіне қайтарылды.

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз