Оралда 101 жастағы майдангерді Ұлттық ұлан күнімен құттықтады (ФОТО)

 ҚР Ұлттық ұланының күні қарсаңында Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың атынан оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов Орал қаласында тұратын 101 жастағы Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдарының ардагері, доғарыстағы полковник Семен Данилинді аталмыш мерекемен құттықтады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полковник М.Сатов бас қолбасшының құттықтау хаты мен бағалы сыйлығын табыс етті. Майдангердің қызы Татьяна Семеновна бас қолбасшыға құттықтауы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Ұлттық ұланның құрылған күніне орай осындай құттықтаулар ҚР  ішкі істер органдарының барлық ардагеріне жіберілген.

Семен Акимович Данилин 101 жастан асса да, әлі тың, жігерлі. Осы жасқа жетуінің өзі жасынан әскери тәртіпке үйреніп, денсаулығын шыңдап, күткенінің арқасы деп біледі. Ол әскери қызметкерлерге сыйлықтары үшін алғысын айтып, өз өмірі туралы қысқаша әңгімелеп берді. Сырнайын қолына алып, ән де салды.

Курск облысында 1914 жылы 30 қыркүйекте шаруа отбасында дүниеге келген С.Данилин әкесінен ерте айырылды. Өзі өмір есігін ашқан жылы бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан еді, әкесі содан оралмады. Анасы бұл қазаны көтере алмай, өмірден ерте кетті. Ағасы Андрей мен Семенді ата-әжесі тәрбиелеп өсірді. Жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін педтехникумда білім алған Семен Данилин соғысқа дейін тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Үйленіп, 1939 жылы үлкен қызы Галина өмірге келді. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ дерлік қатысып, 1942 жылы Брянск әскери-саяси училищесінің курсанттығынан 143-гвардиялық миномет полкы батальон командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасарлығына дейінгі жолдан өтті. «Қызыл Жұлдыз», екінші дәрежелі Отан соғысы ордендері, көптеген медальдармен марапатталды.

«Саяси жетекші ретінде жауынгерлерді талай рет шабуылға көтеруге тура келді. Ол үшін сөз таба білу де керек еді. Сталинград түбіндегі, содан кейін Курск иініндегі алапат шайқастар есімде. Тіпті Курск иініндегі ұрыста оқ кеудемдегі «Қызыл Жұлдызға» тиіп, орден мені бір ажалдан сақтап қалды», деп еске алады майдангер.

Соғыстан кейін Семен Данилин Алматыда, кейін Қарағандыда ішкі әскерлер полкі командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. Қызы Татьяна Оралда тұрғаннан кейін зайыбы Анна Павловна (қазір марқұм) екеуі осында көшіп келді.

«Біз, ең бастысы, көп ұлтты Қазақстанда тату-тәтті өмір сүрудеміз. Еліміз қарқынды дамып келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтай Елбасымыз барда бәрі де жақсы болады», деді С.Данилин.

null

 null

 null

 null

 null

 null

 null

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз