Оралда 4 автокөліктің қақтығысуына жол беріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

19 сәуір күні сағат 22.30-да Гагарин көшесі бойындағы жол өткелінде «Лада» автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, 1990 жылғы Эльмира Хасанова айдап келе жатқан «Хундай Акцент» автокөлігімен түйіседі.

БҚО Ішкі істер департаменті Әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соқтығысу салдарынан бағытын күрт өзгерткен «Хундай Акцент» 1974 жылғы Айбек Сағындықов айдаған «Мицубиси Паджеро» автокөлігімен соғылуына мәжбүр болады. Ал «Лада» болса, қозғалысын жалғастырып, 1994 жылғы Мәди Мұрадымов айдаған «Ниссан Премьера» автокөлігін және соғады. Сөйтіп әп-сәтте төрт бірдей «темір тұлпар» түйіседі. Бұдан кейін «Ладаның» жүргізушісі  автокөлігін оқиға орнында қалдырып, қашып кетеді. Түрлі жарақат алған «Хундай Акцент» пен «Ниссан Премьера» автокөліктерінің жүргізушілері облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

21 сәуір күні жедел іздестіру шаралары барысында осы оқиғаға кінәлі, 1982 жылғы жүргізуші Владимир Седов пен оның сол мезеттегі екі жолаушысы, 1980 жылғы Сергей Тарасюк пен 1983 жылғы Виктор Донсков ұсталды.

Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жарақаттың дәрежесіне қарай айыптыға тиісті шара қолданылатын болады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз