Оралда 777 және 888 автонөмірлері сұранысқа ие

Оралда «әдемі» автонөмірлерді сату басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Сатып алушылар ең алдымен 777 және 888 нөмірлеріне қызығушылық танытқан.

Елімізде «әдемі» автокөлік мемлекеттік нөмірлерінің сатылымы 20 қазанда басталған болатын. Дәл сол күні Астанада 1,5 млн теңгеге 5 әдемі нөмір сатылды. Оралда әкімшілік полиция басқармасының ғимаратындағы ақпараттық таблода сатып алуға болатын нөмірлердің тізімі ілінген.

«Бізге жеке тұлғалар үшін САА және СВА екі сериясының, және заңды тұлғалар үшін АЕ нөмірлері түсті. 001-ден 999-ға дейін нөмірлер бар. 2 адам жүгінді, қазір олар құжаттарды рәсімдеп жатыр», - деп мәлімдеді БҚО ІІД ӘПБ тіркеу-экзаменациялық бөлімінің басшысы Жанболат Жаншин.

Алайда Орал тұрғындарының дені «әдемі» әрі «қымбат» нөмірлерді сатып алудан еш пайда жоқ деген пікірде.

«Менің нөмірім 277. Бұйырғанын алдым, бақыттымын», - дейді жүргізуші Зинатолла Халилов.

«Егер сен жол ережесін бұзсаң, сені ешқандай да «әдемі» нөмір құтқара алмайды», - деп кесіп айтты тағы бір жүргізуші Нұржан Омаров.

«Әдемі» нөмірлердің бағасы 253 мыңнан 422 мың теңгеге дейін барады. Сатылымнан түскен ақшаның барлығы мемлекеттік бюджетке құйылмақ.

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз