Оралда 95 қару балқытылды (ФОТО)

Кеше Орал қаласындағы «КазАрмаПром» ЖШС зауытында кезекті қару жою жұмысы атқарылды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, арнайы құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен 75 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 5 газды тапанша, 4 газды-травматикалық. 2 пневматикалық қару, 9 заттай айғақ, 1 электрошокер, 1 патронташ, барлығы 95 қару пешке тасталып, балқытылды. Бұлар - тұрғындар ерікті түрде тапсырған және тәркіленген қарулар.

Айта кетейік, қару жою шарасы әр тоқсан сайын атқарылады. Оған қоса тұрғындардан травматикалық қару сатып алу мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалды. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қаруын уақтылы тапсырмағандар ҚР ҚК 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оларға 2 мың АЕК-ке дейінгі көлемде айыппұл салынуы немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Биылғы 1 қаңтардан 17 желтоқсанға дейін ішкі істер органдарына азаматтардан 1237 өтініш түсіп, олар 1282 қаруды тапсырды, бұл - барлық тіркелген қарудың (1405) 91,2 пайызы. 

null

 null

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз