Оралда адамдарға оқ атқан бұзақы 4 жылға бас бостандығынан шектелді

Орал қалалық соты Ваэ Адамянға бұзақылық жасағаны үшін айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

2014 жылдың 17 сәуірінде сотталушы Орал қаласында Әбілхайыр хан даңғылы мен Тюленин көшесінің қиылысында травматикалық тапаншамен екі адамды жаралады. Тергеу анықтағанындай, оқиғаға арадағы жанжал себеп болған.

Адамян сотта өз ісіне өкінетінін айтып, айыбын толық мойындады. Зардап шегушілер сотталушымен бітімге келді.

«Сотталушының жас баласы бар. Сот Адамянды бұзақылық жасады деп айыптап, оған 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады», - деп хабарлады Орал қалалық сотының судьясы Дастан Байменов.

Сотталушы сот залынан босатылды. Оған түнгі уақытта көңіл-көтеру мекемелеріне баруға және қаладан шығуға тыйым салынды.

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз