Оралда ақын Е.Бимұхановтың жаңа кітабы таныстырылды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында ақын, журналист, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты Ертай Бимұхановтың «Өлеңмен қалдыр оңаша» атты жыр кітабының таныстырылымы болды.

Қаратөбе ауданында туып-өсіп, Орал педагогикалық институтында білім алған Ертай жастайынан ақындар айтысына қатысты. Кейін жазба поэзиясына біржола бет бұрды. Қазіргі кезде «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе аудандық филиалы - «Қаратөбе өңірі» газетінде қызмет ететін ақынның бұл тұңғыш жинағы болғанымен, жылдар бойы жазғандарынан іріктеліп алынған, оқырманға ұялмай ұсынатындай сүбелі дүние екені анық.

Кеш барысында ақын өлеңдері оқылып, әндері де орындалды.

Жаңа кітаптың тұсауын белгілі айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязова мен еңбек ардагері Серік Малабаев кессе, Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Әбіл Жоламанов, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.

2

3

4

5

6

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз