Оралда алғаш рет «Мәңгілік полк» шеруі өтеді

Оралда Жеңіс күні алғаш рет «Мәңгілік полк» шеруі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Сонымен қатар 9 мамыр күні кешке мерекеге орайластырылып автошеру ұйымдастырылмақ. 

Бұл іс-шараларды өткізуге қоғам өкілдері бастамашы болып, атқарушы органдар тарапынан қолдау тапты. 

«Мәңгілік полк» шеруін ұйымдастырушылардың хабарлауынша, аталған қозғалыс 2012 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 2013 жылы «Мәңгілік полк» шеруі 120 қала мен елді мекенде өтті. Аталған қозғалысқа Орал алғаш рет қосылып отыр. 

«Мәңгілік полк» шеруі таңғы сағат 8-де Темір Масин ескерткішінің жанында басталады. Биылғы жылы шеру Қазақстанның 8 қаласында өтеді», - деп хабарлады БҚО азаматтық альянсының атқарушы директоры Гамал Түзелбаев. 

«Біз шараға қатысамын деушілердің барлығына Батыс Қазақстаннан шыққан ҰОС батырларының портретін береміз. Акцияға 200-300 адам қатысады деп күтіп отырмыз» , - дейді жоба үйлестірушісі Денис Спиридонов.

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз