Оралда алтыншы Махамбет оқулары мәреге жетті

5 мамыр күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «VІ Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Онда университет проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтардың атап өткеніндей, Исатай мен Махамбетке қатысты зерттеу жұмыстары жалғасатын болады. Мәселен, Исатайдың бейітін анықтау мақсатында ғылыми экспедиция ұйымдастыру көзделуде.

Жиында атыраулық ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев, Түркиядан келген Ардахан университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, профессор, доктор Орхан Сөйлемез, Сеул қаласы, Сунгконгхое университетінің профессоры, доктор Ли Джонг Хьюн, сондай-ақ жергілікі ғалымдар мен өлкетанушылар Махамбеттанудың өзекті мәселелері, ақындық мұрасы, Исатай батыр тарихы, қазіргі заманғы ақпараттық технология, Қазақстанның интеграциялық үдерістерге қатысуы төңірегінде баяндама жасап, ой толғады.

Конференцияға қатысушылар жеті бірдей секцияға бөлініп, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен алмасты.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз