Оралда «Арман жырым - Ақ Жайық» республикалық ақындар айтысы өтеді

27 маусым күні Оралдағы Жастар мәдениет үйінде «Арман жырым - Ақ Жайық» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш додаға белгілі жыр дүлдүлдері Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Мейірбек Сұлтанхан (үшеуі де Астанадан), Бекарыс Шойбеков (Оңтүстік Қазақстан), Айбек Қалиев (Арқалық), Талант Арғынғали (Алматы), Ахметжан Өзбеков (Тараз), Қайнар Алагөзов, Аян Сейітов, Ораз Қиынбаев (үшеуі де Ақтөбеден) және батысқазақстандықтар Жансая Мусина, Эльдар Ихсанов, Айнабек Бисенғалиев, Мұрадым Мирланов қатыспақшы.

Айтысты ақын, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Жүрсін Ерман жүргізеді. Жыр сайысына Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы төрелік етеді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз