Оралда белтемірге асылудан жаңа маусым ашылды

Оралда «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында Street Workout жаңа маусымы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалына сілтеме жасап.

Спортпен шұғылданатын жастар қаладағы №2 балалар мен жеткіншектер спорттық мектебіне жиналып, белтемірде және қырлы бөренеде асылудан сынға түсті.

«Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Д.Қадралиевтың айтуынша, шараның басты мақсаты салауатты өмір салты мен көше спортын насихаттау болып табылады. «Біз әркім өз мүмкіндігін көрсететіндей әрі тәжірбиелі спортшылар шеберлік сабақтарын өткізу үшін бағдарламаны қызықты етіп жасадық», - деді ол.

http://www.bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз