Оралда «Билайн» орталығына «бомба» қойған жиырма жасар тұрғын сотталды

Орал қалалық сотының үкімімен 1994 жылғы Нұрсұлтан Қабылға  ҚР ҚК 242-бабы бойынша 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы 9 қыркүйекте сағат 12.49-да ол мас күйінде Достық даңғылы, 195-үйінде орналасқан «Билайн» қызмет көрсету орталығына жарылғыш зат қойылды деп жалған қоңырау шалған. Сөйтіп қаладағы тиісті қызметтерді аяғынан тік тұрғызды. Жиырма жасар тұрғын терроризм актісі жөнінде көрінеу жалған хабарлағаны үшін айыпты деп танылды.  

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз