Оралда бір мезетте алты автокөлік соқтығысып қалған

Кеше кешкісін Оралдағы «Омега» зауыты маңындағы көпірде бірден алты автокөлік түйісіп қалған.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, қара түсті ВАЗ-2115 автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, «Опель Вектраны» қағып өтіп, «Лада Приорамен» барып, бетпе-бет соқтығысқан.

Басқа көліктер де түйісуден қашқанымен, құтыла алмаған. Ірі жол-көлік оқиғасынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі басынан жарақат алған.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз