Оралда бір жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

4 маусым «Астана» шағынауданында оқыс оқиға орын алып, көп қабатты үйдің бесінші қабатынан бір жасар бала құлап кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәліметке қарағанда, бала сол бойда облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Басынан жарақат алған оның миына зақым келген, жамбасы, жағы сынған. Баланың жағдайы әлі де ауыр. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде ем-шара жасалуда.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз