Оралда бокстан халықаралық жарыс өтуде

Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында кеше, 31 наурыз күні ересектер арасында ҚР бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир жалауын көтерді.

Жарысқа қатысушыларды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, аталмыш турнирдің бесінші рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. Бұл тегіннен-тегін емес. Өңірде спортпен шұғылдануға жақсы жағдай жасалған. Облыс тұрғындарының 22 пайыздан астамы өз денесін шынықтырумен айналысады.

Дәстүрлі жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан елдерінен барлығы 144 боксшы қатысып, бақ сынауда. Батыс Қазақстаннан 13 боксшы облыс намысын қорғауда.

Құрметті қонақ ретінде аталмыш додаға бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, әлем чемпионы, олимпиада ойындарының  екі мәрте күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, Бейжің олимпиадасының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаевтар келді.

Финалдық бәсекелер 5 сәуір күні өтіп, жарыстың жеңімпаз-жүлдегерлері анықталмақ.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз