Оралда екі бірдей ел азаматы жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында жол апаты салдарынан татар мешітінің наиб имамы Ерғали қажы Жұматаш пен прокуратура саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келген Батыр Жазбаев қаза тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Жол апаты 14 қаңтар күні Саратов-Орал тасжолында болған. Тасқала ауылынан шығып, Орал қаласына бірнеше шақырым қалған тұста «Лексус» автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып «Тойота Прадо» автокөлігіне бетпе бет соқтығысқан. Салдарынан «Лексус» көлігінде отырған Орал қалалық Мухаммед-Ғариф атындағы мешіттің наиб имамы, 10 жыл облыс имамы қызметін атқарып келген, елге танымал Ерғали қажы Жұматаш пен прокуратура саласының ардагері Батыр Жазбаев жедел жәрдеммен реанимацияға жөнелтіліп, көп кешікпей облыстық клиникалық ауруханада көз жұмды. Ал «Тойотаның» жүргізушісі аман қалды.

Орталық мешіт өкілдерінің растауынша, Ерғали қажы Жұматаш татар мешітінің наиб имамы болып қызмет ете жүріп 2016 жылдың 14 қаңтары күні Тасқала ауылына жерлеу рәсімін өткізуге барады. Кейін сол ауылдан қалаға бет алған тұста жол апатына ұшырап қаза болды.

Айта кетерлік жайт, 49 жастағы Ерғали қажы Жұматаш облыста 90-шы жылдардан бері 10 жыл облыстың бас имамы болып қызмет етіп келген. Ал оның жол серіктесі болған Батыр Жазбаев 1952 жылы 21 қарашада Тасқала ауылында дүниеге келген. Прокуратура саласында 1988 жылдан бастап ең алғаш қызметін Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы облыстық прокуратурасының аға тергеушісі, Қапшағай қаласы прокурорының орынбасары, Атырау, Орал қаласының прокуроры және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Апат болатын күні Орал қаласы аумағында қатты боран тұрып, қалың қар жауғанын атап өткен жөн.

Темір Құсайын.

Дерек: egemen.kz.

Сурет: egemen.kz, mgorod.kz.

18-01-2016-Oral 02

18-01-2016-Oral 03

18-01-2016-Oral 04

18-01-2016-Oral 05

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз