Оралда он екі жасар суретшінің жеке көрмесі ашылды

25 сәуір күні Сәкен Ғұмаров атындағы мұражайда Оралдағы №1 орта мектептің 6-сынып оқушысы Сәндігүл Мағазованың «Менің әлемім» атты жеке көрмесі ашылды.

Он екі жасар суретшінің алғашқы көрмесіне оның 22 туындысы қойылған. Сәндігүлдің ұстазы Венера Қажымұратованың сөзіне қарағанда, сурет өнерінің қыр-сырын жастайынан меңгеріп келе жатқан шәкіртінің болашағы зор. Шындығында да С.Мағазованың портрет, пейзаж, натюрморт түрінде шынайылықпен, таза балғын көңілмен салынған «Наурыз мерекесі», «Домбыра әуені», «Менің достарым», «Құрбылар», «Ұры мысық» сынды композициялары көпшілік көңілінен шығып, әсіресе, жастарға ерекше әсер қалдырды.

Белгілі қылқалам шебері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері Қайыр Оразғалиевтің айтуынша, мұндай жас кезінде жеке шығармашылық көрмесін өткізу өте сирек, бұл Сәндігүлдің өз әлемі қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз