Оралда электр қуатын тұтынуды бақылаудың және есептеудің автоматтандырылған жүйесі орнатылуда

«Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ Орал қаласында  электр қуатын тұтынуды бақылаудың және есептеудің автоматтандырылған жүйесін орнатуда.

Компания техсараптама қызметінің басшысы Арыстан Боранбаевтың айтуынша, кәсіпорын электр қуатын тұтынуды ба­қы­лаудың және есептеудің авто­маттан­ды­рылған жүйесін (АСКУЭ) қол­данысқа енгізудің арқасында абоненттерде ор­на­тылған есептеу аспабының мә­ліметте­рін мекемеден шық­пай-ақ алып, бақылап отырады. Өйткені автоматты жүйенің көмегімен қажетті мәліметтер кәсіпорын серверіне автоматты түрде беріліп отырады. Электр қуатын тұтынуды бақылаудың және есептеудің автоматтандырылған (ЭЭБЕА) жүйе­сінің есептеу аспаптары транс­форматорлық қосалқы стан­саларда орнатылған. Об­лыста 1600 қосалқы станса жұ­мыс істейді. Солардың 46-сында ресейлік автоматты есептеу аспаптары орнатылған және олардың 34-і ірі коммерциялық құрылымға қойылған. 2013 жылы компания инвестициялық бағдарлама бойынша жоспарланған 200 миллион теңгенің 50 миллионы ЭЭБЕА жүйесін енгізуге жұмсады. Атап айтқанда, жүйенің жо­ғары деңгейіне - 9,96 млн. тең­ге, Орал қаласының орташа дең­гейіне (қуатты көп тұтынатын кәсіпорындарға) 8 миллион тең­ге жұмсалды. Сондай-ақ орта­лық сервер сатып алынды.

Өңірдегі электр қуатын тұтынушылардың бар­лығын автоматты бақылау жүйе­сімен қамту үшін 8 миллиард теңгеден астам қаржы керек. Алайда компанияның қаржылық мүмкіндігі шектеулі, жыл сайын инвестбағдарлама шеңберінде там-тұмдап бөлінген қаржыға есептеу аспабын орнату жоспарланып отыр. Биыл инвестициялық бағдар­лама бойынша компания жос­парланған 226 миллион теңге­нің 50 миллионын ЭЭБЕА жүйесін енгізуге бағыттамақ. 150 санауыш орнату және ТП-191 төменгі деңгейіне (тұрмыстық және ұсақ моторлы тұтынушыларға) пилоттық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз