Оралда газ пешінің жарылуынан 7 айлық бала зардап шеккен

Бұл оқиға бүгін 18 наурыз күні таңғы сағат 10 шамасында Савичев көшесінде орналасқан жеке үйде орын алған.

Оқиға орнына жедел қызметтер, олардың қатарында "ҚазТрансГазАймақ" кәсіпорынының апаттық қызметі бірден келді. Зардап шеккен баланы жедел жәрдем алып кетті.

Зардап шеккен баланың атасы бұл жалға алынған үй екенін, таңғы 7:30 жұмысқа кеткенде газ филтірде тұрған, не болғаны белгісіз немересіне кірпіш құлап, ата-анасымен травмпункте екенін айтты.

Қазіргі уақытта үйде газ ажыратылып, тексеріс өткізілуде.

 

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз