Оралда ІІД қызметкеріне әкесінің әскери марапаты табыс етілді

Оралда Ресей Федерациясы Бас консулдығының ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкері Бауыржан Оспановқа «Кенисбергті алғаны үшін» медалінің құжаты табыс етілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Полиция майоры Бауыржан Оспанов еңбекқор қызметкерлердің бірі. Бауыржан Мұхамбетқалиұлының айтуынша, ол ұрпағына естелік қалдыру үшін өзінің отбасы мүшелерінің, яғни әкесі мен ағасының қандай шайқастарға қатысқанын анықтағысы келген.

Ол анықтау, іздестіру жұмыстарын 4 жыл бойы жүргізіп, көптеген мәліметке қол жеткізген. Мәселен Бауыржанның ағасы Есенғали Жандыбаевтың 1943 жылы Курск шайқасында қаза болып, Ресей Федерациясының Орлов облысында жерленгені және әкесі Мұхамбетқали Оспановтың Ресей мен Шығыс Пруссия қалаларындағы көптеген қанқұйлы шайқастарға қатысып, 1945 жылы «Кенисбергті алғаны үшін» медалімен марапатталғаны анықталды. Бұл туралы құжат мұрағатта сақталған болып шықты.

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз