Оралда ірі құрылыс фирмасына қарақшылық шабуыл жасалды

Орал қаласындағы «Болашақ-Т» құрылыс фирмасының күзетшілеріне қарақшылық шабуыл жасалды.

Облыстық клиникалық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Роза Еркеғалиеваның сөзіне қарағанда, «жедел жәрдем» автокөлігімен жеткізілген екі ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, жарақаттары ауыр болмағандықтан, үйлеріне қайтарылған.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі кезде аталмыш оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз