Оралда кафеде мас күйінде оқ атқан бұзақылар ұсталды

Кеше кешкісін Оралдағы «У Манасяна» кафесінде демалушылар мас күйінде шу шығарып, оқ атуға дейін барды.

Облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мағауия Құрмашевтің айтуынша, қос демалушы төбелес үстінде өздерін тыныштандырмақшы болған «КМС» күзет қызметі қызметкерлерінің бірінен травматикалық тапаншаны жұлып алып, оларға оқ атып, жаралаған. Абырой болғанда, олардың жарақаты жеңіл, медициналық қызмет көрсетілгенмен, ауруханаға жатқызылған жоқ. Оқиға орнынан айғақ заттар тегістей алынды.

Қос бұзақының үстінен ҚР ҚК 257-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз