Оралда қала күні кең көлемде аталып өтілді

Оралда биыл қала күнін тойлау бірнеше күнге ұласып, айшықты шаралармен ерекшеленді.

Соның ішінде Зачаган кентіндегі №20 мектеп алдында көптен күткен сквер ашылды. Құрылысы үш жылға созылған сквер аумағында балалар ойнайтын алаң мен баскетбол алаңы, тіпті теннис кортына дейін бар. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновтің атап өткеніндей, мұндай орындардың бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын орнықтыруда маңызы зор. Осы сөздің дәлеліндей, скверден Абай алаңына дейінгі велошеруге мыңға жуық адам қатысты.

Қала күні аясында сондай-ақ Қонаев шағынауданында балалардың ойын және спорт алаңқайы пайдалануға берілді. Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, алаңқайды салуға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Бұл - қала тұрғыны, «Стройкомбинат» ЖШС-ның директоры Бақытжан Нұрбаевтың қала күніне балаларға сыйлығы. Бұған ол 5 млн. теңге қаржы жұмсады. Жалпы, қаланы абаттандыру, құрылыс, жол салуда көптеген жұмыстар атқарылуда.

Бұл күндері қала алаңдарында мәдени-спорттық шаралар кезегімен жүріп жатты. Ақ Жайық тұрғындары мен қала қонақтарын мерекемен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады. Мейрамға орай Оралға «Дос-Мұқасан» ансамблі келіп, өз өнерлерін көрсетті. Оған қоса халық лық толған П.Атоян атындағы стадионда қазақ эстрадасының жұлдыздары Қайрат Нұртас, "101" тобы, Дәурен Сейтжановтардың қатысуымен концерт қойылды. 

null

null

null

null

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз