Оралда «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» облыстық байқау-фестивалінің жеңімпаздары анықталды

16 қыркүйек күні Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» облыстық байқау-фестивалінің жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды. 

Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ардагерлердің өнерін ұштай түсіп, шеберліктерін арттыру, халық шығармашылығының барлық түрлері мен жанрларын насихаттау мақсатында БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырған байқау алдымен аудандар мен қалада өткізілді.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетовтің айтуынша, оған 2500-дей адам қатысып, араларынан оза шапқан 300-ден астамы өңірлік байқауға келді. Ал облыстық фестиваль жеңімпаздары Астанада өтетін республикалық байқауға қатысады.

Сайыс қорытындысында қазылар алқасының шешімі бойынша хор жанрынан Бөрлі ауданы соғыс және еңбек ардагерлері халықтық хоры, вокалдық топтардан Орал қаласынан «Ағалар әуендері», жекелей ән салудан бөрлілік Нұрлан Салахатдинов, мәнерлеп оқудан оралдық Нәдия Тухватуллина, аспапта орындаудан жаңақалалық Бақытжамал Қазиева (домбыра), оркестр-ансамбльдерден Жаңақала аудандық ардагерлер ансамблі, бейнелеу өнерінен зеленовтық Абат Әлмұқанов бірінші орынды иеленді. Басқа да жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз