Оралда Қазақстан және Татарстан жастар ұйымдарының өкілдері бас қосты

Орал қаласында 17-18 мамыр күндері Қазақстан және Татарстан жастар ұйымдарының форумы өткізілді.

Татарстаннан, Астана, Алматы, Атырау қалаларынан келген жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері, жас кәсіпкерлер екі күн бойы тәжірибе алмасып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жастардың саяси өмірге қатысуы, жастар және бизнес, жастардың діни тәрбиесі, жастар тәрбиесіндегі ұлттық-мәдени құндылықтар тақырыптарында секциялық отырыстар өткізілді.

БҚО-дағы татар ұлттық-мәдени орталығының төрағасы, кәсіпкер Ришат Хайруллиннің сөзіне қарағанда, Татарстанмен арадағы байланыс жақсы. Татар халқының өкілдері Орал өңірінде көптен тұрып келеді. Ұлы татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың балалық, жастық шағы Оралда өткені белгілі. Ғ.Тоқай есімін батысқазақстандықтар да қастерлейді. Оның атында Оралда көше бар, мүсіні қойылған, музейден де татар халқының тарихына қатысты көп нәрсені білуге болады. Өткен жылы Оралда өткен Сабантой мерекесіне Татарстан президенті Рустам Минниханов қатысты. Бұл форумның да мақсаты - екі ел жастарының бір-бірімен тиімді байланыс жасауына жол ашу.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз