Оралда әкімшілік қызметкерлері өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті

Орал қалалық әкімшілігінің қызметкерлері өрттен зардап шеккен тұрғындарға бір күндік жалақысын аударды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қаңтарда 2-ші шақырым көшесіндегі №22 сегіз пәтерлік тұрғын үйде өрт шығып, барлық баспананы жалын шарпыған.

«Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақымызды аудардық. 800 мың теңге шамасында қаржы жиналды. Өртенген үйде тұратын 8 отбасына көмек көрсеттік», - деді қалалық әкімшілік аппаратының жетекшісі А.Қайсағалиев.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз