Оралда қирау қаупі төнген үй тексеруден өтуде

Оралдағы  Жуков көшесі  15-үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде оның бір жақ қабырғасы құлағандығын, ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін аталмыш үйді тексеру жұмыстары басталған. Сараптамаға «Құрылыс-консалтинг ҰО» АҚ БҚО филиалы тартылды. Қала әкімдігінде әкімнің орынбасары Ғалым Орынғалиев жетекшілік ететін оқиға зардаптарын жою жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссияның алғашқы мәжілісінің қорытындысы бойынша қала әкімі Алтай Көлгінов осы аптаның аяғына дейін құрылыс сараптамасын жүргізіп, қалпына келтіру үшін қажетті жұмыс көлемін анықтау жөнінде шешім қабылдады. Әкімдікке өтініш жасаған тұрғындарды (үш отбасы) уақытша орналастыру мүмкіндігін қарау тапсырылды. Қалалық ішкі істер басқармасы оқиғаға байланысты жедел тергеу амалдарын жүргізіп, ғимаратты күзету жұмыстарын қамтамасыз етуде.

Күні бүгін 12 отбасы (31 адам) көшірілсе, олардың көпшілігі жақын-жуықтарының үйлерінде. Әкімдік бір отбасыға уақытша баспана берді.

Осы үй маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз