Оралда кісі өлтірді деген күдікпен 46 жастағы тұрғын қамауға алынды

Орал қалалық соты ҚР Қылмыстық Кодексінің 96-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыс жасады деп айыпталған 46 жастағы қала тұрғынына қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ер адам мас күйінде «Тополек» саяжай қоғамында орналасқан үйінде, танысымен арадағы бұрыннан бар араздықты желеу қылып, қасақана өлтіру мақсатында, оның мойыны мен кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Алған жарақаттың салдарынан жәбірленуші оқиға болған жерде көз жұмды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз