Оралда кісі өлтірді деп айыпталған күдікті қамауға алынды

Орал қалалық сотының қаулысымен ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлігі «и» тармағымен, 257-бабы 3-бөлігімен кісі өлтірді деп айыпталып отырған А.Жұмағалиев екі ай мерзімге қамауға алынды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын таныстарымен бірге кафеде арақ ішкен. Кафеден шыққаннан кейін А.Жұмағалиев қасындағысының қолынан бір шөлмек арақты жұлып алған. Сол кезде төбелес басталып кеткен де, ол жәбірленушінің арқасынан үш рет пышақ салған. Оған қоса тағы біреуіне 13 мәрте пышақ салып үлгерген. Бұл жәбірленуші облыстық ауруханаға жеткізілгенмен, көз жұмған. Алдыңғысы ауыр жағдайда ауруханада жатыр. 

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз