Оралда көлік иелерінің қарызы 77 млн теңгеге жетті

Оралда көлік иелерінің қарызы 77 млн теңгені құрап отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қалалық салық басқармасына сілтеме жасап. 

Салық басқармасы мен қалалық әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері бірлесе отырып, салық төлемеген жүргізушілерді анықтау үшін рейдке шықты. 

Салығын төлемеген жүргізушілерге 30 күннің ішінде оны төлеу қажеттігі ескертіледі. «Егер бұл мерзімде қарызын төлемесе, сотқа шағым түсіріледі. Сот орындаушылары болса автокөлікті қамауға алып, азаматтың шет мемлекетке шығуына шектеу қояды», деп көрсетті салық басқармасы басшысының орынбасары Манарбек Қадырбеков.

Қалалық салық басқармасының мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері автокөлік иелеріне 3 мыңнан астам хабарлама жөнелтіліп, 172 млн теңге көлемінде салық жиналған. 

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз