Оралда көлік иелерінің қарызы 80 млн теңгеге жетті

Оралда көлік иелерінің қарызы 80 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Салық инспекторлары сот орындаушыларымен бірлесіп рейд өткізіп жатыр. Алайда қарызы 100 мың теңгеден асып кеткен борышкерлерден оны өндіріп алу оңай болмай тұр.

Қалалық салық басқармасының өкілі Ө.Құсмановтың айтуынша 2009 жылдан бері қарызын төлемеген азаматтар бар екен. Олардың қарызы 1,3 млн теңгеге жеткен. Сот орындаушылары мен салықшылар қарызы көп көлік иелері байланысқа шықпайды және мекен жайын жиі өзгертеді дейді.

Борышкерлермен күрес жүргізуде «Ураган» арнайы машинасының көмегі зор. Оның көмегімен қарызы төленбеген көліктер автоматты түрде анықталып, олар айыппұл тұрағына қойылады. Бұған қоса мұндай азаматтарға шетелге шығуға тыйым салынған.

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз