Оралда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Оралда Еуразия 111 мекен жайы бойынша орналасқан 9 қабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Өрт ғимаратқа жапсарлас салынған хауызда шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, өрт 8 наурыз күні сағат таңғы бестің шамасында шыққан. 

«Есігімізді қағып, тезірек сыртқа шығыңдар деген соң балаларымызда алып далаға жүгіріп шықтық. Өрт сөндірушілер жарылыс болуы мүмкін екендігін айтты», - дейді үй тұрғыны Марина Құспанова.

Оқиға орнында мамандар жұмыс жасады. Олар газ баллонын далаға алып шыққан. Қазір тұрғын үйде су, жарық пен газ сөндірілді. 

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз