Оралда кәсіпкер В.Каркуланы өлтіргендерге қатысты сот талқысы басталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында белгілі кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтірушілерге қатысты сот талқысы басталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше жабық жағдайда судья Ақгүл Қарасаева алдын ала тыңдау өткізді. Басты сот талқысы 13 мамырға белгіленді.

Еске сала кетейік, қылмысты ұйымдастырушы 34 жастағы Азамат Тоғаев Орынбор облысында туып-өскен, бұрын қарақшылық жасап, кісі өлтіріп, сотталған, соңғы рет түрмеден 2012 жылы босап шыққан. Ол биылғы 13 қаңтарда екі сыбайласымен бірге пайдакүнемдік мақсатпен кәсіпкерді өз үйінде басынан атып өлтіріп, әйелі Валентинаны ауыр жарақаттаған болатын.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз