Оралда құрылыс орнында тас қалаушы қаза тапты

Орал қаласындағы Молдашев көшесі, 20 үй мекенжайы бойынша тұрғын үй құрылысы орнында кеше қайғылы оқиға орын алды.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғауды бақылау бөлімінің басшысы Ержан Зұлқашевтің айтуынша, бес қабатты үйдің тапсырыс берушісі «Таза құрылыс» ЖШС болып табылады.

Қазіргі кезде ғимараттың үш қабаты көтеріліп қалған. Құрылыс орнында жеке кәсіпкерлік арқылы жалдамалы жұмысшы ретінде 1956 жылы туған азамат Александр Сладков тас қалаушы болып еңбек еткен. Ол еңбек қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзып, кранның астына барып қалғанда, үстіне бұзылып жатқан ағаш құлаған.

Оқиғаның жай-жапсары арнайы комиссия қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз