Оралда «Қымызхана» өртеніп кетті

Бүгін таңғы сағат 05.13-те орталық базар маңындағы «Қымызхана» кафесінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің аға инженері Айымжан Лұқпанованың айтуынша, өрт сөндірушілер келгенде, кафенің төбесі мен ішкі жабыны лаулап жанып жатқан. Қаладағы үш бірдей өрт сөндіру бөлімінен алты арнайы техника, 23 адамның қатысуымен «тілсіз жау» 06.30-да құрықталды. Тез іс-қимыл нәтижесінде «Қымызхананың» айналасындағы үйлер аман қалды. Жалпы аумағы 180 шаршы метрді қамтыған өрттен зардап шеккендер жоқ.

«Қымызхана» қалада шұбат пен қымыз сататын арнайы орын болатын. Қазіргі кезде өрттің себеп-салдары, келген шығын анықталуда.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз